«Даулет» теннис орталығында Beeline Janymda қолдауымен өтіп жатқан түрлі түсті доптар фестивалі аясындағы «Жасыл доп» санатындағы жарыс өз мәресіне жетті. Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Турнир барысында жас теннисшілер өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі
орындар үшін бақ сынап, құнды жарыс тәжірибесіне ие болды.

Қыздар арасында:
1-орын — Фариза Ерболова (Қарағанды облысы);
2-орын — Жамиля Рамазан (Алматы);
3-орын — Айлин Даулеталина (Ақтөбе).

Ұлдар арасында:
1-орын — Виктор Уваров (Алматы);
2-орын — Кахар Салгара (Астана);
3-орын — Эмирали Байдилла (Астана).

Түрлі түсті доптар фестивалі жас теннисшілерге өздерін көрсетуге, алғашқы жарыс тәжірибесін жинақтауға, жаңа достар табуға және спорттық дамудың келесі сатысына қадам басуға мүмкіндік береді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!