4 қараша күні «Дәулет» теннис орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Бәйтерек» балабақшасының 4–6 жас аралығындағы тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – бүлдіршіндерді спортқа баулу, тенниске деген қызығушылығын арттыру және жас ерекшеліктеріне сай спорттық мүмкіндіктермен таныстыру.

Ашық есік күні аясында кішкентай қонақтар теннис орталығының жұмысымен танысып, спорттық ортаға жақындай түсті.

Балалардың белсенділігі, қызығушылығы мен көтеріңкі көңіл күйі іс-шараның ерекше әрі әсерлі өтуіне ықпал етті.