6–8 қараша аралығында «Дәулет» теннис орталығында 10 жасқа дейінгі жас теннисшілер арасында «Жасыл доп» фестивалі өтуде.

Үш күнге жоспарланған жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынап, спорттық шеберліктерін, ойын дайындығы мен жеңіске деген жігерін көрсетуде.

Фестивальдің басты мақсаты – балалар теннисін дамыту, жас ұрпақ арасында спортты насихаттау және жас спортшылардың өз қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік жасау.

Бұл фестиваль қатысушылар үшін жарыс тәжірибесін жинақтап, өз мүмкіндіктерін сынап, жаңа спорттық жетістіктерге қадам басуға тамаша мүмкіндік.