«Дәулет» теннис орталығы қазақстандық WEC Trade компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
WEC Trade – заманауи тұрмыстық химия өнімдерін өндіретін отандық компания. 2016 жылдан бері кәсіпорын жеке өндірісін дамытып, технологияларын жетілдіріп, өнім ассортиментін кеңейтіп келеді. Компания өнім сапасына, тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі.
Меморандум аясында WEC Trade «Дәулет» теннис орталығының тұрмыстық химия саласындағы ресми серіктесі атанды.
Теннис орталығы үшін сапа талаптарына сай келетін, тиімділік пен экологиялық қауіпсіздікті ұштастыратын сенімді отандық өндірушілермен серіктестік орнату маңызды.
Біздің басты мақсатымыз – спортшыларға, жаттықтырушыларға, қызметкерлер мен қонақтарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру. Жаңа серіктестік осы бағыттағы жұмыстарымызға өз үлесін қосады деп сенеміз.
Тараптар арасындағы ынтымақтастық нәтижелі әрі ұзақ мерзімді болсын!