Жас теннисшілеріміз Turkestan U12 турнирінде үздік нәтиже көрсетті!
Астана қаласының жас спортшылары жарыс барысында жоғары ойын деңгейін көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды.
Жекелей сында:
Эмир Кандак — 1 орын;
Арлан Исабек — 3 орын.
Жұптық сында:
Эмир Кандак — 1 орын;
Искандер Булкаиров — 2 орын.
Эмир Кандак жекелей және жұптық сында топ жарып, турнирдің абсолютті чемпионы атанды!
Жас спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!