2026 жылғы 12–14 қараша аралығында «Даулет» теннис орталығында 10 жасқа дейінгі жас спортшыларға арналған оқу-жаттығу жиындары (ОЖЖ) өтті.
Жиынға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген жаттықтырушылар мен жас теннисшілер қатысты.
Барлығы 20 жас спортшы, оның ішінде 10 қыз және 10 ұл бала өз шеберліктерін шыңдады.
Үш күн бойы спортшылар теннис дағдыларын жетілдіріп, физикалық дайындықтарын нығайтуға және ойын шеберліктерін арттыруға бағытталған жаттығулар өткізді.
Оқу-жаттығу жиындары жас теннисшілер үшін жаңа тәжірибе жинақтауға, өзара тәжірибе алмасуға және спорттық ортада шыңдалуға тамаша мүмкіндік болды.
Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен толағай табыс тілейміз!