Астанада жас теннисшілер арасында өткен «Жасыл доп» турнирі өз мәресіне жетті. Жарыс барысында қатысушылар шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен спорттық мінезін танытты.

Турнир қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды.

Қыздар арасындағы нәтиже

🥇 1-орын — Екатерина Анисимова, Көкшетау

🥈 2-орын — Ділдә Кәрімжанова, Астана

🥉 3-орын — Мөлдір Сүйіндікқызы, Астана

Ұлдар арасындағы нәтиже

🥇 1-орын — Адият Избасаров, Астана

🥈 2-орын — Заңғар Кенжеғали, «Даулет» теннис академиясы, Астана

🥉 3-орын — Артемий Малышев, Астана

 

«Даулет» теннис академиясы барлық жас спортшыларды тамаша ойындарымен және жақсы нәтижелерімен құттықтайды. Әрбір қатысушы турнир барысында маңызды тәжірибе жинап, өз мүмкіндігін сынады.

Жарысқа қатысқан барлық теннисшілерге жаңа жеңістер, сәтті ойындар және спорттық биіктер тілейміз!