«Жасыл доп» республикалық турнирі «Даулет» теннис орталығында өтеді
24–25 қаңтар күндері «Даулет» теннис орталығында 10 жасқа дейінгі спортшылар арасында «Жасыл доп» республикалық турнирі ұйымдастырылады.
Турнирдің салтанатты ашылуы 24 қаңтар күні сағат 10:00-де басталады.
Аталған жарыс Қазақстан Теннис Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып, балалар теннисін дамытуға, сондай-ақ жас спортшылардың жарыс тәжірибесін арттыруға бағытталған.
Мұндай турнирлер жас теннисшілердің кәсіби қалыптасуында маңызды рөл атқарып, олардың спорттық шеберлігін шыңдауға және жарыс мінезін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға сәттілік, әділ бәсеке және жарқын спорттық жетістіктер тілейміз.
