Қостанай қаласында «Қызғылт доп» республикалық турнирі өтті

24 қаңтар күні Қостанай қаласында «Қызғылт доп» атты республикалық теннис турнирі өтті. Жарысқа Көкшетау, Астана қалаларынан және Қостанай облысынан келген барлығы 24 жас спортшы қатысты.

Аталған турнир аймақтар арасындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ балалар теннисін дамытуға бағытталған маңызды жарыс болды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген жігерін және нағыз спорттық рухты көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің орталықтың тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды:

  • 🥈 Лисицына Мария — 2-орын
  • 🥉 Азирбаев Мерей — 3-орын

Жүлдегер спортшыларды және олардың бапкерлерін құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.