Рахметжан Алия Almaty Masters 12&Under G1 «Вельц мемориалы» халықаралық турнирінде қола жүлде жеңіп алды
2026 жылдың 19-22 қаңтары аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы халықаралық теннис турнирі — Almaty Masters 12&Under G1 «Вельц мемориалы» өтті. Аталған жарыс жас теннисшілер арасындағы маңызды бәсекелердің бірі болып саналады.
Турнир көрнекті жаттықтырушы, балалар теннисінің дамуына зор үлес қосқан Августин Вельцтің құрметіне ұйымдастырылады. Ол жас спортшыларды тәрбиелеу мен теннисті дамытуға айрықша еңбек сіңірген тұлға.
Аталған жарыста біздің «Даулет» теннис академиясының тәрбиеленушісі Рахметжан Алия сәтті өнер көрсетіп, жұптық разрядта 3-орын иеленді. Спортшымыз жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен сенімді ойынды көрсетті.
Спортшымызды және бапкерлер құрамын лайықты нәтижемен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

