Ережелер
«Дәулет» теннис орталығына келу ережесі
- Айналысушының, жаттықтырушылардың және клиенттің міндеттері мен жауаптылығы:
- Тенниспен айналысушы, жаттықтырушылар және клиенттер «Дәулет» СК бекітілген тарифіне сәйкес алдын ала төлеуді өндіруге міндетті.
- Тенниспен айналысушы, жаттықтырушылар және клиенттер оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін тиісті спорт киімде болу.
- «Дәулет» СК мүлігіне зиян келтіргені үшін тенниспен айналысушы, жаттықтырушылар және клиенттер оның нарықтық құнын төлеуге міндетті.
- Оқу-жаттығу сабақтары үшін төлемді қатаң түрде сабақ кестесіне және баға тізбесіне сәйкес өткізу.
- Ата-аналарға корттың ішіне кіруге, шақыруға, баланы немесе жаттықтырушыны жаттығу үдерісінен алаң етуге қатаң түрде тыйым салу.
- Балалар тобындағы жаттығу сабақтарына ата-аналардың кіруі аптасына бір рет (сенбі күні) жүзеге асырылады (егер жаттығу сабағы демалыс немесе мерекелік күндерде болса, сабаққа кіру күні жақындағы күндерге ауыстырылады).
- «Дәулет» СК клиенттері мен қонақтары әкімшімен көрсетілген кортта болуға құқылы. Ойын уақыты өтуден кейін клиенттер мен қонақтар барлық доптарды жинастырып, алаңдарды келесі келген жалдаушылар үшін босатуға тиісті.
- Клиенттер мен қонақтар теннис корттарында, әкімшілік жайларда, ашық корттарда және қосалқы аумақтарда тазалықты сақтауға міндетті.
- Теннис корттағы жаттығу сабақтары тек қана спорт киімінде және арнайы спорт аяқ киімінде немесе «Non-Marking» белгісі бар (корт жабындысында із қалдырмайтын) аяқ киімде өткізіледі. Қызыл құмды жабындысы кортта киген аяқ киіммен басқа кортта ойнауға тыйым салынады.
- Ойын уақытында жайға, теннис корттарына кіргісі келген Қонақтар, ауыстыратын аяқ киімді немесе бахилдерді қолдануға тиісті.
- Теннис корттарына тамақты, шыны ыдыстағы газдалған және тәтті сусындарды өзімен бірге кіргізуге тыйым салынады.
- Клиенттер мен қонақтар осы Ережелерге сәйкес өзін өзі ұстау керек, өзінің әңгімелесуінде балағат сөздерді қолдануға болмайды. Қонақ, Ата-ана оқу-жаттығу және ойын үдерісіне араласуға құқылы емес.
- Өзінің уақыты өткеннен кейін Клиент алаңды келесі келушілер үшін босатуға тиіс. Ойын уақытының 15 минуттен астам асып түсуі, қолданыстағы баға тізбесіне сәйкес 1 сағат ретінде төленеді.
- Қызыл құмды жабындысы кортта Клиент өзінің ойын уақыты аяқталуына 5 минут қалғанда алаңды босатуға тиіс, кортты келесі жаттығу сабағына дайындау үшін.
- «Дәулет» СК аумағында тыйым салынады:
— спирттік ішімдіктерді, есірткені қолдануға;
— мас болу және есірткіден мас болу күйінде келуге, аумақта темекі шегуге;
— әкімшілікпен келіспей кортта дыбыс өткізетін техниканы қолдануға;
— тауарларды және қызметтерді рұқсатсыз сату, рұқсатсыз жарнамалық өнімді таратуға және хабарландыруды ілуге;
— тез жаңғыш, жарылғыш заттарды, қаруды және ату жарақтарын алып кіруге.
— «Дәулет» СК әкімшісі мас болған адамды жаттығу сабағына кіруге рұқсат бермейді;
— мопедтерде (скутерде), велосипедпен, роликпен және самокатта, электросамокатта және ұқсас жүру құралдарда тебуге (жүруге).
- Айналысушыларға, жаттықтырушыларға және клиенттерге (айналысушының ата-аналары мен қонақтар) жабдықтарға, күмбезге және корт жабындысына зақым келтіретін, ракеткамен немесе басқа құралдармен жабдықтарды, күмбезді және корт жабындыны соғып ұруға болмайды. Мүлікті, құрал-сайманды немесе жабдықты бүлдіру жағдайында, Клиент, Қонақ толық көлемде зиянды өтеуге тиіс, келтірілген зияң құны «Дәулет» СК белгілейді.
- Мүлікті немесе жабдықты бүлдіру жағдайында, зиянды өтеу Клиентке, Қонаққа немесе кінәлі адамға өтеді.
- «Дәулет» СК аумағына жануарлармен кіруге болмайды.
19. 10 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен, немесе жазбаша уәкіл етілген тұлғалармен бірге кіруге тиісті.