Жұмыс орындары
- «Дәулет» теннис орталығының медициналық пунктің спорт дәрігері
Міндеттері:
- профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың уақтылы әдістерін қолдана отырып, мамандығы бойынша тұрақты медициналық және шұғыл көмек көрсетеді;
- дәрігерлік құжаттаманы әзірлейді;
- халықаралық, Республикалық жарыстар мен басқа да іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
- қызметкерлер мен спортшыларға кеңестік және медициналық көмек көрсетеді;
- медициналық кабинеттің жұмысын бақылайды және ұйымдастырады;
- теннис орталығының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылайды.
Талаптар:
- жоғары медициналық білім;
- тиісті мамандық бойынша маман сертификаты
- вакцинация паспорты
Шарттары:
Толық жұмыс күн сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін