«Даулет» теннис академиясында Astana Masters 12&Under турнирі өтті.

2026 жылдың 6-8 наурызы аралығында «Даулет» теннис академиясында Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен Astana Masters 12&Under республикалық турнирі өтті.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Аталған турнирде біздің академиямыздың тәрбиеленушісі Сапар Әліби тамаша ойын көрсетіп, 1 орынға ие болды.

Жас спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз. Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.