Beeline Arena теннис орталығындағы Kids Day: жас теннисшілер Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасымен бір күн өткізді.

3 ақпанда Beeline Arena теннис орталығында алдағы Дэвис Кубогы турнирі аясында Kids Day іс-шарасы өтті.

Іс-шараға қатысушылардың қатарында Daulet Tennis Academy тәрбиеленушілері де болды. Жас спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ұлттық құраманың ойыншыларымен бірге кортта ойнап, еліміздің үздік теннисшілерінен кәсіби кеңестер алды.

Күннің жарқын қорытындысы ретінде автограф-сессия ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан естелік сыйлықтар табысталды. Шара жылы, достық және нағыз спорттық атмосферада өтіп, балаларға ұмытылмас әсер мен тенниске деген жаңа мотивация сыйлады.

Еске салайық, Дэвис Кубогы матчтары 6–7 ақпанда Beeline Arena теннис орталығында өтеді.