«Даулет» теннис академиясында Республикалық «Жасыл доп» турнирі өтті
24— 25 қаңтар күндері «Даулет» теннис академиясында 10 жасқа дейінгі спортшылар арасында Республикалық «Жасыл доп» теннис турнирі ұйымдастырылды.
Жарыс Қазақстан Теннис Федерациясының қолдауымен өткізіліп, балалар теннисін дамытуға, жас спортшылардың жарыс тәжірибесін арттыруға бағытталды.
Турнир аясында 10 жасқа дейінгі санатта тартысты әрі жоғары деңгейдегі кездесулер өтіп, жас теннисшілер өздерінің жақсы дайындығын, техникалық шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Қыздар арасында:
🥇 1 орын — Малик Самийя (Астана)
🥈 2 орын — Кәрімжанова Ділдә (Астана)
🥉 3 орын — Сокова Ханым (Астана)
Ұлдар арасында:
🥇 1 орын — Салгара Кахар (Астана)
🥈 2 орын — Байдилла Эмирали (Астана)
🥉 3 орын — Чижаковский Иван (Көкшетау)
Республикалық «Жасыл доп» турнирі жас спортшылар үшін маңызды жарыс тәжірибесін сыйлап, олардың болашақ спорттық жетістіктеріне берік негіз қалады.

