EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ҚҰМАР ОЙЫНДАР МЕН БӘС ТІГУГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ШЕКТЕУГЕ БОЛАДЫ
Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу бойынша қызмет цифрлық форматқа ауыстырылып, енді «eGov mobile» қосымшасында қолжетімді болды.
Енді Қазақстан азаматтары, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге өздерінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеуге өтініш бере алады. Жаңа қызмет өтінімдерді өңдеуге кететін уақытты айтарлықтай азайтады және құмар ойындардан бас тарту процесін жеңілдетеді. Бұл кез-келген азаматқа, әсіресе шамадан тыс ойнауға бейім адамдарға, ҚР юрисдикциясы аясында лицензия алған барлық ресми ойын алаңдары мен онлайн-букмекерлік платформаларды қолдануды шектеуге мүмкіндік береді.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін сілтеме арқылы бейне нұсқаулық қолжетімді: https://youtube.com/shorts/_Nq7Zb_M-4Y?feature=share
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған болатын.
Қызмет Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлескен жұмысының арқасында пайдаланушылар үшін қолжетімді болды.