Астанада 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы «Аймақтар кубогының» финалдық кезеңі өтеді

2025 жылғы 11–13 шілде аралығында Астанада 10 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтетін «Аймақтар кубогы» республикалық командалық турнирінің финалдық кезеңі өтеді. Бұл жарыс – еліміздің төрт негізгі аймағының: Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс және Батыс өңірлерінің үздік жас спортшыларын біріктіретін маңызды спорттық шара.

Турнир ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан теннис федерациясы, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Дәулет» теннис орталығында өтеді.

Маусым айының басында еліміздің әр аймағында өткен іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде әр өңірден 6 ұл және 6 қыздан құралған құрамалар жасақталды. Барлығы жарысқа Қазақстанның 12 қаласынан 48 жас теннисші қатысады. Олардың қатарында Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Тараз, Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қарағанды, Лисаковск және Астана қалаларының өкілдері бар.

Турнир дөңгелек жүйе бойынша өтеді. Әр командалық кездесу 6 жеке және 3 жұптық матчтан тұрады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ұлдар мен қыздар құрамалары арасында жеке-жеке, сондай-ақ жалпыкомандалық есеп бойынша анықталады.

Турнирдің салтанатты ашылуы 11 шілде күні сағат 10:00-де өтеді.

 

📍 Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» теннис орталығы, Қордай көшесі, 6

Солтүстік өңірдің намысын «Дәулет» теннис орталығының спортшылары қорғайды:

  • Сапар Алиби (жаттықтырушысы — Бородина Галина Александровна)
  • Мырзагали Алиша (жаттықтырушысы — Куцан Василий Васильевич)