«Қызыл доп» турнирі – 31 мамыр күні «Даулет» теннис орталығында!

«Қызыл доп» турнирі – 31 мамыр күні «Даулет» теннис орталығында!

Құрметті ата-аналар мен жас спортшылар!

2025 жылдың 31 мамырында «Даулет» теннис орталығында
Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Қызыл доп» турнирі өтеді. Турнир «Tennis 10s» бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

? Өтетін орны: Астана қ., «Даулет» теннис орталығы
? Күні: 2025 жылғы 31 мамыр (сенбі)
?? Жас ерекшелігі: 2017-2020 жылы туылған балалар
? Формат: қысқартылған корттар, қызыл деңгейдегі доптар

Бұл жарыс – тенниске жаңадан қадам басқан балалар үшін алғашқы жарыс тәжірибесін, сенімділікті және қызығушылықты арттыруға арналған тамаша мүмкіндік.

? Қалай тіркелуге болады:
«Даулет» орталығында жаттығатын ойыншылар 30 мамырдың сағат 16:00 дейін
бас төрешіге whatsapp-қа жазу арқылы тіркеле алады. (+7 778 380 2900)