«Қызыл доп» турнирі – 31 мамыр күні «Даулет» теннис орталығында!
«Қызыл доп» турнирі – 31 мамыр күні «Даулет» теннис орталығында!
Құрметті ата-аналар мен жас спортшылар!
2025 жылдың 31 мамырында «Даулет» теннис орталығында
Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Қызыл доп» турнирі өтеді. Турнир «Tennis 10s» бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.
📍 Өтетін орны: Астана қ., «Даулет» теннис орталығы
📅 Күні: 2025 жылғы 31 мамыр (сенбі)
👧👦 Жас ерекшелігі: 2017-2020 жылы туылған балалар
🎾 Формат: қысқартылған корттар, қызыл деңгейдегі доптар
Бұл жарыс – тенниске жаңадан қадам басқан балалар үшін алғашқы жарыс тәжірибесін, сенімділікті және қызығушылықты арттыруға арналған тамаша мүмкіндік.
📌 Қалай тіркелуге болады:
«Даулет» орталығында жаттығатын ойыншылар 30 мамырдың сағат 16:00 дейін
бас төрешіге whatsapp-қа жазу арқылы тіркеле алады. (+7 778 380 2900)