Даулет теннис орталығы 1 маусым балалар күніне байланысты ашық есік күнін өткізеді.
Мерекелік іс-шараның мақсаты инклюзивті спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және балаларға спортты көңілді ойын түрінде таныстыру.
Мерекелік жиын бір уақытта үш жерде ұйымдастырылады.
?«Даулет» теннис орталығы;
? Ботаникалық саябақтағы теннис корты;
?«Көктал» саябағындағы теннис корты;
? Іс-шаралардың басталуы:
12:00-де (қатысушыларды жинау 11:30).
6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды спортқа қызықтыру үшін түрлі тапсырмалар, эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, кептірілген жемістер, сусындар мен тағамдар ұсынылады.
? Қатысу үшін онлайн өтінімді толтыру міндетті
?ОРЫН САНЫ ШЕКТЕУЛІ
