Шарипов Марат Канатович
1987 жылы 31 наурызда туған.
Бала кезінен тенниспен айналысқан, сондықтан, аталған спорт түрін жақсы көреді. Тенниспен шұғылданған уақытта спорт шеберіне үміткер (СШҮ) мәртебесін алды. Жаттықтырушылық мансабында 12 жылдық тәжірибе мен білім бар. Қысқа уақыт ішінде ITF Level II сертификатын алды, II санатты жаттықтырушы сондай-ақ, Қазақстан Теннис Федерациясының (ҚТФ) II санатты жаттықтырушысы болып табылады.
Жоғары дене шынықтыру білімі бар. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін» бітірді. 2007 жылы Қазақстан рейтингісінде 7 орында. Жұп дәрежеде ҚР ересектер чемпионатының финалына үш мәрте қатысқан. 2004 жылы жеке дәрежеде жастар чемпионатының үшінші орын иегері.
2008-2009 жылдары 14 жасқа дейінгі жастар құрама командасының капитаны болып тағайындалды. 2020 жылғы Бельгияға қарсы FedCup-таҚР ересектер құрамы капитанының көмекшісі.