«Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы»РҚБ федерацияның мүшелері мен қатысушыларына қорытынды конференция өткізді.

13 желтоқсан 2024 жылы Астана қаласында 2024 жылғы спорттық іс-шаралардың қорытындылары жарияланған «Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ-нің  жыл сайынғы ІІІ есеп беру  конференциясы өтті.  Virtus Халықаралық федерациясының ережелері бойынша интеллектуалдық даму бұзылыстары бар пара спортшылардың жіктемесі туралы мәселелер мен 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды, Қазақстандағы интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдардың спорттағы айтулы жетістіктері үшін пара спортшылар марапатталды.

2024 жылы Федерация бойынша интеллектуалдық даму бұзылыстары спортшылар Астана қаласының әкімдігінің СДД (Спортты дамыту дирекциясы) тұлғасында, Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубының, «Самрұқ-Қазына ҰӘАҚ» АҚ мен «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» Корпаративтік қордың қолдауымен  жартылай марафон және 10 км жүгіру, үстел теннисі, үлкен теннис және велоспорт бойынша алты әлем чемпионатында лайықты өнер көрсетіп,  нәтижесінде 3 алтын, 3 күміс пен 2 қола медальдар жеңіп алды.

Virtus  — ресми атауы интеллектісінде бұзылыстары бар спортшыларға арналған Халықаралық спорт федерациясы, Халықаралық  паралимпиада комитетінің негізін қалаушылардың бірі.

 

«Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы»РҚБ Қазақстан Республикасындағы интеллектуалдық бұзылыстары бар адамдарға арналған спортты дамытумен айналысады және  VIRTUS Халықаралық федерацияның мүшесі болып табылады.

 

Конференция Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет« МКҚК қолдауымен, «Дәулет«теннис орталығында өтті