Теннистен Майами турнирі: Бублик пен Кукушкиннің кіммен ойнайтыны белгілі болды

Майамиде (АҚШ) Miami Open presented by Itaú турнирінде қазақстандықтар Александр Бублик пен Михаил Кукушкиннің қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Еліміздің бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды. А.Бублик әлемнің 57-ракеткасы, сербиялық Ласло Дьере немесе рейтингте 71-сатыдағы чехиялық Иржи Веселыйдың біреуімен кездеседі. Әлемнің 105-ракеткасы М.Кукушкин рейтингте 316-орында тұрған ұлыбританиялық Джек Грэйпермен күш сынасады. Оны жеңсе, екінші айналымда жуырда өткен Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің жеңімпазы, кеше рейтингте 27-орынға көтерілген ресейлік Аслан Карацевпен кортқа шығады.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко іріктеу сайыстарында америкалық Бьорн Фратанджелодан 5:7, 2:6 есебімен ұтылып қалды.