Мүдделер қақтығысы

Мүдделер қақтығысы — адам жеке мүдделілігі кезінде шешім қабылдау процесіне әсер етуі мүмкін жағдай және, осылайша,  қоғамның немесе қызметкердің жұмыс берушісі болып табылатын компанияның мүдделеріне зиян келтіреді.

Белгіленген жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалар, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті теңестірілген тұлғалар, лауазымды тұлғалар өздері жұмыс істейтін тікелей басшысына немесе ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Тікелей басшысы немесе ұйым басшылығы жоғарыда аталған тұлғалардың өтініштері бойынша, немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша дер кезінде мынадай іс-шаралар қолдануға міндетті:

1) оларды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және оған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкін мүдделер қақтығысы мәселесі бойынша лауазымдық міндеттерді атқаруды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою жөнінде өзге де шараларды қабылдауға.

Мемлекеттік қызметші, оның тікелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы өздеріне белгілі болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

 

https://cyberleninka.ru/article/n/o-nekotoryh-problemah-pravovogo-regulirovaniya-konflikta-interesov-v-respublike-kazahstan –  Мүдделер қақтығысы

 

15-бап. Мүдделер қақтығысы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы

  1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
    Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.
    3. Осы баптың 1-тармағында  аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
    Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға:

1) осы баптың 1-тармағында  аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.