Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындылары бойынша талдамалы анықтама
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Дәулет» спорткомбинаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі — Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мақсатында Кәсіпорын директорының 2019 жылғы 14 тамыздағы № бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобымен Кәсіпорын өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, құқықтық актілер зерттелді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерттеу барысында келесі нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын Кәсіпорынның қызметіне талдау жасалды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Кәсіпорынның Жарғысы, дене шынықтыру және спортты дамытудың бағыттарын және келешегін белгілейтін басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері.
Дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер айқындалмады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру-басқарушылық қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауда келесі бағыттар тексерілді:
- қызметшілермен басқару, соның ішінде кадрлардың тұрақтамауы;
Кәсіпорынның жұмыскерлер саны – 161 бірлік, нақты саны – 128 бірлік, соның ішінде әкімшілік-басқару қызметкерлері – 35 бірлік, техникалық қызметшілер – 72 бірлік, жаттықтырушылар құрамы – 21 бірлік, баланы күту бойынша демалыста – 7 бірлік. Кадрлардың тұрақтамауы үлкен емес.
Барлық қызметкерлер біліктілік талаптарға сәйкес, жоғары білімге ие – 55, соның ішінде спорт білімі – 22, арнайы орта – 25, жалпы орта – 49. Зерттелген кезеңде теріс уәж бойынша жұмыстан шығарылғандар, сондай-ақ шарттың талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жұмыскерлер жоқ;
2) Мүдделер қайшылығы фактілері айқындалмаған;
3) Кәсіпорын Мемлекеттік басқару органымен белгіленген мәдениет және спорт саласында, спорт түрлерінде, теннис спорт түрінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
Кәсіпорын жұмыскерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды айқындау үшін бұқаралық ақпараттар құралының мониторингі жүргізілді. Ондай жағымсыз материалдар айқындалмады.
Жоғарыда көрсетілген қызметтерді көрсету бойынша Кәсіпорын қызметіне қатысты тексерістер жүргізілмеді. Прокурорлық қадағалау актілері түспеді.
Қызметкерлердің құқықтық салауаттығын жоғарылату мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндірме жұмысы өткізілді (жиналыстың хаттамасы қоса беріледі), Кәсіпорынның қызметіне қатысты заңдарды түсіндіру, Кәсіпорын қызметі туралы сайтта ақпаратты уақытылы орналастыру.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде комиссия Кәсіпорынның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмағаны туралы қорытындысын жасады.