Жаттықтырушылар

Чвалун Александр Юрьевич

1971 жылы 11 желтоқсанда туған.

8 жасында Шымкент қаласындағы теннис секциясына қатысты. Бірінші жаттықтырушысы бүкіл Қазақстан бойынша белгілі – Рашит Хасанов. Тенниспен айналысу жылдарында кеңес жарыстарының  көптеген жүлделі орындарына ие болды. 2000 жылдан бастап қоғамдық негізде жаттықтырушы болып жұмыс істеді, ал 2009 жылдан бастап балалар жаттықтырушысы болды және ҚР чемпиондарын және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған көптеген спортшыларды тәрбиелеген.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.  Сонымен қатар, медициналық біліміне ие, бұл өз кезегінде баланың физиологиясы және моторикасын түсіне отырып, балалармен жұмыс істеуге көмектеседі. Курстарға қатысып, ITF Level I сертификатын алды, Қазақстан Теннис Федерациясының (ҚТФ) I санатты жаттықтырушы, II санатты жаттықтырушы.

Куцан Василий Васильевич

1968 жылы 7 желтоқсанда туған.

4 жылдан астам жұмыс өтіліне ие және өзін жауапты, талапшыл жаттықтырушы ретінде көрсетті. Спортшылардың ата-аналарымен оңай тіл табысады, сонымен қатар балалармен өте жақсы тіл табысып, әр баланың бабын таба алады және ата-аналар мен балалардың жоғары бағасына ие. Тараз қаласында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Болашақ» Тараз колледжінің орта дене шынықтыру біліміне ие (ОДБ).

Теннистен «Play Tennis» бастауыш деңгейдегі нұсқаушы. Оның жас қатысушылар арасында  «Жасыл доп» және «Қызғылт сары доп» жарыстарының жүлдегерлері бар.

Канафина Джамиля Боранкұлқызы

1994 жылы 12 сәуірде туған.

Орталығымыздың жас жаттықтырушыларының бірі. Джамиля 2017 жылдан бастап жалпы дене дайындығы бойынша (ЖДД) жаттықтырушы, 2020 жылдан бастан «Қызыл доп» нұсқаушысы. Спорт әлеміне 4 жасында келді, ал 7 жасынан бастап көркем гимнастикамен және 12 жастан кәсіби жеңіл атлетикамен айналысқан.

Спорт саласында өткізген жылдарында жеңіл атлетикадан ҚР СШ спорт шебері атағына ие болды, жеңіл атлетика бойынша бірнеше мәрте ҚР және Орта Азияның чемпионы, жастар және ересектер арасында  кедергімен 100 метр жүгіруден Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жүлдегері, ҚР құрамасының мүшесі. Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің Жоғары дене шынықтыру біліміне ие.

  • Балалар мен жасөспірімдерге арналған ЖДД тақырыптағы семинар.
  • Аяқтардың диагностикасы және терапиясы.
  • Жүру және жүгіруді талдау.
  • Спорттағы допингке қарсы бақылау.
  • Спорттағы психология. Балалар психологиясы, психология кәсіби спортта.
  • Спорттағы физиология. Циклдық спорт түрлерінде аралық тренингтің теориясы мен әдістемесі.
  • Спорттағы нутрициология және диетология.
  • Семинар «play tennis 10’s», семинар «tennis 10’s».

«Жаттығуларымның барысында дене дайындығы қажетті нәтижелерге жету үшін үлкен рөл атқаратынын түсіндім, сондықтан мен бұған үлкен мән бердім,  жаттығу процесіне тереңдей қарап,  дене дайындығын зерттей бастадым.  Бұл мені таңдаған мамандығыма әкелді. Дене дайындығы – кез-келген спорт түрінде базасы және негізі болып табылады, бірде-бір кәсіби атлет онсыз жұмыс істей алмады. Тұрақты жаттығулар арқасында дене шынықтыру дайындығы нәтиже және одан әрі тиімділігін береді.

Мен барлық спортшыларға жақсы физикалық формада ұзағырақ болуын, жоғары жетістіктер тілеймін және ең бастысы өз мақсатын нақты түсінуге».

Шарипов Марат Канатович

1987 жылы 31 наурызда туған.

Ерте балалық шақтан бастап тенниспен айналысқан, осыдан аталған спорт түріне деген сүйіспеншілігіне ие. Тенниспен шұғылдану уақытында спорт шеберінің үміткері (СШҮ) мәртебесін алды. Бапкерлік мансабы 12 жылдық өтілі мен тәжірибесіне ие. Қысқа уақыт аралығында ITF Level II сертификатын алды, II санатты жаттықтырушы сонымен қатар, Қазақстанның Теннис Федерациясының (ҚТФ) II санатты жаттықтырушы болып табылады.

Жоғары дене шынықтыру біліміне ие. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін» бітірді.  2007 жылы Қазақстан рейтингінде 7 орында. Жұп дәрежеде ҚР ересектер чемпионатының финалына үш мәрте  қатысты. 2004 жылы жеке дәрежеде жастар чемпионатының үшінші орын иегері.

2008-2009 жылдары 14 жасқа дейінгі жастар құрама командасының капитаны болып тағайындалды. 2020 жылғы Бельгияға қарсы FedCup-таҚР  ересектер құрамы капитанының көмекшісі.

Бородина Галина Александровна

1973 жылы 22 ақпанда туған.

30 жылды құрайтын жаттықтырушылық жұмыс жылдарында өзін тәжірибелі, батыл және талапшыл маман ретінде көрсетті.

Түрлі деңгейдегі көптеген сертификаттарға ие, сертификат level-1, сертификат PTR (кәсіби жаттықтырушылардың қауымдастығы), сондай-ақ екінші жоғарғы санатты жаттықтырушы болып табылады. Омбы мемлекеттік дене шынықтыру институтын тәмамдаған және дене шынықтыру мамандығы бойынша Сібір мемлекеттік академиясының толық курсын бітірген.

Институтта оқу кезінде дене шынықтыру және спорт оқытушысы біліктілік дәрежесі берілген. Галина Александровнаның спортшылары көптеген наградалар жеңіп алды да, халықаралық және ішкі турнирлер мен чемпионаттардың жүлдегерлері.

Тәрбиеленушілері арасында 18 жасқа дейін ITF рейтингі топ-100 кіретін балалар да бар.

Усенов Бекжан Мергенбаевич

1986 жылы 17 қаңтарда туған.

Ерте жастан бастап спортпен шұғылданды, бұл төзімділікті және спорт беріктігін, сондай-ақ спортқа деген махаббатын берген. 16 жасқа дейін бокспен айналысқан, кейін тенниспен айналыса бастады. Теннистен  түрлі республикалық жарыстарға қатысты және жүлделі орындарға ие болды.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. «12 жастан жоғары ойыншылардың соққы және дамыту биомеханикасы» және Қазақстан теннис федерациясының «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасы бойынша «10 жасқа дейін жас ойыншылардың қазіргі заманғы дамыту және оқыту» тақырыптары бойынша біліктілігін арттыру сертификаттарын алды.

Қазақстанның бірнеше қалаларында жұмыс тәжірибесіне ие және осы уақытта өзін балалармен, сондай-ақ ата-аналарымен тіл табыса алатын сабырлы және тәжірибелі маман ретінде көрсетті.

Герасименко Всеволод Андреевич

  • 2002 жылғы 5 шілдеде туған.
  • Бірінші ересек разряд
  • Almaty gold pro series жүлдегері
  • Shymkent gold pro series жүлдегері
  • Жаттықтырушы қызметіндегі жұмыс өтілі быыыір жыл.
  • Білімі: Орта,Букетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінде оқып жатыр.

Болатова Камилла Бахыткызы

1999 жылғы 16 маусымда туды.

Үлкен теннистен Спорт шебері.
18 жасқа дейінгі Қазақстан Чемпионы.
2016ж.
“Fed Cup» Азия арасындағы командалық турнирдің жеңімпазы.
2015ж.
ITF,TENNIS EUROPE серия турнирлерінің қатысушысы.
Жаттықтырушы қызметіндегі жұмыс өтілі 1 жыл.
Білімі:
Жоғары, Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғау көп профильді колледж. Дене шынықтыру және спорт бакалавриаты.

Шевчук Евгений Олегович

Жаттығу залының меңгерушісі және жалпы дене дайындығының маманы.
Спорт жолын ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы А.В. Кузнецовтың Дзюдо күресі секциясында 7 жасында бастады.

2000 жылы Степногорск қаласының Олипиадалық резерв мектебіне қабылданды. 2000 – 2005 жылдары дзюдо бойынша ҚР көп мәрте чемпионы, халықаралық және республикалық турнирлердің, ҚР чемпионаттарының жүлдегері.
Білімі жоғары, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы институтты бітірген.   Дене дайындығы бойынша тәлімгер ретінде жұмыс өтілі 10 жыл.

Бағыттары:
— күш жаттығулары;
— функционалдық тренинг;
— Crosfit level 1 оқыту курсын тыңдады,
— жарақатардан кейін оңалту және қалпына келтіру  (кеуде бөлімінің, мойын бөлімінің грыжа, протрузия, иық және тізе буындары).

 Сондай-ақ спортта тиімді тамақтануды жоспарлау сертификатына ие.