Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

Сіздерді Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» МКҚК ресми сайтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комплаенс – қызметі бөлімінде қарсы алуға қуаныштымыз.

Астана  қаласы әкімдігінің «Дәулет» МКҚК-ы кәсіпорында ашықтық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға ұмтылады.

Кәсіпорында Комплаенс-менеджер тағайындалды, ішкі құжаттаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау жүргізу, қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына оқыту бойынша кешенді және жүйелі шараларды көздейтін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар әзірленді және іске асырылуда.

Комплаенс-менеджердің негізгі міндеттері:

– негізгі қағидаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру;

– кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;

– кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

ЕГЕР СІЗГЕ БЕЛГІЛІ БОЛСА:

* дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және жымқыру фактілері туралы;

* қызмет бабын теріс пайдалану және лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдалану туралы;

* Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» МКҚК материалдық залал немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін өзге де әрекеттер жасау туралы мына телефон арқылы дереу хабарлауыңызды сұраймыз:+7 (7172) 24-94-28