Канафина Джамиля Боранкұлқызы
1994 жылы 12 сәуірде туған.
Орталығымыздың жас жаттықтырушыларының бірі. Джамиля 2017 жылдан бастап жалпы дене дайындығы бойынша (ЖДД) жаттықтырушы, 2020 жылдан бастап «Қызыл доп» нұсқаушысы. Спорт әлеміне 4 жасында келген, ал 7 жасынан бастап көркем гимнастикамен және 12 жастан кәсіби жеңіл атлетикамен айналысқан.
Спорт саласында өткізген жылдарында жеңіл атлетикадан ҚР СШ спорт шебері атағына ие болды, жеңіл атлетика бойынша бірнеше мәрте ҚР және Орта Азияның чемпионы, жастар және ересектер арасында кедергімен 100 метр жүгіруден Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жүлдегері, ҚР құрамасының мүшесі. Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің Жоғары дене шынықтыру білімі бар.
- Балалар мен жасөспірімдерге арналған ЖДД тақырыбындағы семинар.
- Аяқтардың диагностикасы және терапиясы.
- Жүру және жүгіруді талдау.
- Спорттағы допингке қарсы бақылау.
- Спорттағы психология. Балалар психологиясы, психология кәсіби спортта.
- Спорттағы физиология. Циклдық спорт түрлерінде аралық тренингтің теориясы мен әдістемесі.
- Спорттағы нутрициология және диетология.
- Семинар «play tennis 10’s», семинар «tennis 10’s».
«Жаттығуларымның барысында қажетті нәтижелерге жету үшін дене дайындығының үлкен рөл атқаратынын түсіндім. Сондықтан мен бұған үлкен мән бердім, жаттығу үдерісінде тереңдей қарап, дене дайындығын зерттей бастадым. Бұл мені таңдаған мамандығыма әкелді. Дене дайындығы — кез-келген спорт түрінің базасы мен негізі болып табылады, бірде-бір кәсіби атлет онсыз жұмыс істей алмады. Дене шынықтыру дайындығы тұрақты жаттығулардың арқасында нәтиже мен одан әрі тиімділікке қол жеткізеді.
Мен барлық спортшыларға жақсы физикалық формада ұзағырақ болуын, жоғары жетістіктер және ең бастысы өз мақсатын айқындап алса деп тілеймін ».