Астанада 10 жасқа дейінгі «Аймақтар Кубогы» республикалық командалық турнирінің финалдық кезеңі өз мәресіне жетті

11-13 шілде аралығында Астана әкімдігіне қарасты «Дәулет» теннис орталығында  10 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында аймақтар кубогының финалдық кезеңі өтті.  Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс және Батыс өңірлер құрамалары қатысқан республикалық командалық турнир Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» теннис орталығы, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Турнирдің іріктеу кезеңдері әр өңірде маусым айының басында өткен болатын. Олардың қорытындысы бойынша әрқайсысы 6 ұл мен 6 қыздан тұратын командалар құрылды.

Турнирге Қазақстанның 12 қаласынан 48 жас спортшы қатысты. (Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Тараз, Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қарағанды, Лисаковск және Астана)

Жарыс дөңгелек жүйе бойынша өтті. Әр командалық кездесу 6 жеке және 3 жұптық матчтан тұрды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұлдар мен қыздар командалары арасында, сондай-ақ өңірлер арасында жалпы командалық есепте бөлек анықталды.

Үш күнге созылған тартысты дода да жалпыкомандалық есепте Солтүстік командасы топ жарды.

Жүлделі  екінші орынды Шығыс иеленсе, Батыс командасы үшінші орынға жайғасты.

Қыздар арасында 1орын-Солтүстік, 2 орын-Шығыс, 3 орын- Батыс құрамасы.

Ал ұлдар арасында 1орын -Солтүстік, 2 орын- Оңтүстік, 3 орын-Батыс командасы иеленді.