Қазақстан теннис федерациясы 2021 жылды қорытындылады
8-9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан теннис федерациясының қорытынды есеп беру конференциясы өтті. Елордада өңірлік филиалдардың, Теннис орталықтарының басшылары мен бас офис қызметкерлері 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беру және 2022 жылға арналған жоспарларды белгілеу үшін жиналды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Жалпы, Қазақстан теннис Федерациясы үшін өткен жыл коронавирус пандемиясына қарамастан, сәтті өтті. Федерация жыл соңына қарай мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізді:
Теннис инфрақұрылымы
Шымкентте теннис орталығын абаттандыру толығымен аяқталды. Сәуір айында Қостанай облысы Лисаковск қаласында теннис орталығы ашылды. Ол қаланың барлық ірі спорт алаңдары шоғырланған орталық стадионның аумағында салынды. Жобаның жалпы құны 300 млн. теңгеден асты. Сонымен қатар, көктемде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде «Жан Досым» заманауи теннис орталығы ашылды. Жаңа типтегі жабық орталыққа алты корт пен 165 көрерменге арналған трибуна кіреді. Алаңдарды сапалы жабу әлемдік талаптарға сәйкес келеді. Жоба Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдауымен «Жан Досым» теннис клубының және Қазақстан теннис федерацисының бастамасымен жүзеге асырылды. Жаңа корттарды салумен қатар, ірі турнирлерді өткізу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қолданыстағы базалар да ретке келтіріліп жатыр. Мысалы, 2021 жылы 9 жыл бұрын Қазақстан теннис Федерациясы салған және қайта жаңғыртқан Алматыдағы ЦСКА теннис корттары өзгерістерге ұшырады.
Республикалық және халықаралық турнирлердің рекордтық саны турасында
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан теннис федерациясының ҚТТ бөлімі тамаша жұмыс атқарды. ҚТТ-ның ұйымдастыруымен 47 Халықаралық және 28 ҚТТ турнирі (ҚР екі чемпионаты мен жасөспірімдер біріншілігін қоса алғанда) өткізілді. Тура бір жылдан кейін елордаға ATP 250 Astana Open турнирі оралды. Биыл жалғыз емес, әйелдер арасындағыWTA 250 турнирімен жұп құрады. Өткен жылдың соңында Нұр-Сұлтан қаласында төртінші рет 12 жасқа дейінгі Азия командалық біріншілігінің финалы өтті. Қазақстандық ұлдар құрамасы күміс жүлде алса, қыздар құрамасы алтын медальға ие болды.
Өңірлермен жұмыс
Өскемен, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында түрлі санаттағы халықаралық және республикалық турнирлер табысты өткізілді. Қарағандыда ITF W25 сериясындағы екі ірі әйелдер турнирі және жасөспірімдер арасында бесінші санаттағы ITF додасы өтті. Мұндай жоғары деңгейдегі турнирлер кейбір аймақтарда алғаш рет өткізіліп отыр, бұл федерацияның облыстық филиалдарының жоғары деңгейдегі мойындалғанын көрсетеді.
Балалар теннисін дамыту
BabyTennis және «10 жасқа дейінгі теннис» — ҚТФ-ның маңызды және басым міндеттердің бірі. Барлық ірі орталықта Бэби-теннис бойынша үйлестірушілер тағайындалған. 2022 жылдың наурызына қарай барлық ірі теннис орталықта балалармен жұмыс істеу жоспары әзірленді. ҚТФ-ның ойыншының даму құрылымы және кеңестерімен 10 жас және одан кіші теннисшілер бағдарламасының ата-аналарына арнап буклеттер мен баннерлер жасалды, олар қазір барлық теннис орталықтарында көрсетіледі. Елдің барлық теннис орталықтарында қызғылт-жасыл түсті фестивальдер мен іс-шараларды өткізуге 21 үйлестіруші жалданды. Әлемге танымал мамандар Майкл Баррелл мен Алексей Иванцов «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасы бойынша жаттықтырушыларды оқытуға тартылды.
Жаттықтырушыларды оқыту және төрешілік
Қазақстанның барлық өңірлерінде жаттықтырушылар кадрларына деген өткір қажеттілікті қанағаттандыру үшін қазақстандық жаттықтырушыларды дамыту және олардың қажетті санын дайындау ҚТФ үшін ерекше маңызға ие. Осы бағытта бір жыл ішінде «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасы бойынша жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың біліктілігін арттыру семинарлары мен курстары, сондай-ақ ITF Level 1 семинары өткізілді. Өңірлермен жұмыс істеу үшін жергілікті жас мамандарды дайындауға арналған мансабын аяқтаған жетекші ойыншыларды оқыту бағдарламасы (Fast track) жүргізіліп отыр.
Қазақстандық теннис турында төрешілікті дамыту үлкен қадамдармен жүріп жатыр. Елімізде барлығы 10 халықаралық төреші бар. Bronzebadge санатындағы белгішелер Юлия Игнатченко мен Меруерт Какеевада бар. Юлия мен Меруерт 2020 жылы WTA командасына әйелдер арасындағы ең талантты төрешілердің қатарына қосылды. Биылғы жылы қыздар «Үлкен дуылғаның» үш турнирінде (Аустралия ашық чемпионаты, Ролан Гаррос және Уимблдон), сондай-ақ Токиодағы Олимпиада ойындарында сәтті жұмыс стеді.
Құрама командалар мен жасөспірімдердің жетістіктері
2021 жылды қазақстандық теннистің даму тарихындағы ең маңызды жыл болды деп сеніммен айтуға болады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екпінді дамып келе жатқан ойыншылардың біріне айналды. Александр биыл Анталия мен Сингапурдағы ATP 250 турнирлерінің екі финалында ойнады. Алайда, 2021 жылы Бублик жалғыз емес, екінші қазақстандық теннисші Андрей Голубевпен жұптық сында ең маңызды жетістікке жетті. Дуэт «Роллан Гаррос» финалына дейін жетті, бірақ шешуші жекпе-жекте француз шлемі жолында корт иелеріне жол берді.
Будапештегі топырақ жабынды турнирде еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева өзінің екінші титулын жеңіп алды, ал WTA 250 AstanaOpen турнирінде жергілікті жанкүйерлерді әдемі ойынымен қуантып, финалға жетті.
Әйелдер ұлттық құрамасының жеңіс шеруіне тоқтала кетсек. Қыздарымыз 2021 жылдың сәуірінде Аргентинаға барып, Билли Джин Кинг кубогы аясында плей-офф кезеңінде корт иелеріне қарсы ойнады. Драмаға толы төрт матчта жеңімпаз анықталған жоқ. Кездесу тағдырын Ярослава Шведова мен Анна Данилина дуэті жұптық ойында шешті. Осылайша, Қазақстан плей-офф кезеңінде алғаш рет жеңіске жетіп, 2022 жылғы іріктеу финалында ойнау құқығына ие болды.
Ұлттық құрама сапында турнирлерде өнер көрсету — спортшылар үшін әрқашан үлкен мәртебе. Әрине, Олимпиаданың да орны бөлек. Токиодағы ойындарға біздің теннисшілер рекордтық 8 лицензия жеңіп алды, бұл алдыңғы көрсеткіштен екі есе көп. Әлемдік теннистің жарқырап келе жатқан жұлдызы Елена Рыбакина ең сәтті ойнаған теннисшіміз екені рас. Қазақстанның өкілі Жапониядағы аптап ыстық күн астында қорытынды төртінші орынға ие болды.
Мадридтегі Дэвис Кубогының финалдық кезеңінде топ бірінші орыннан шықты және Новак Джокович бастаған Сербияның мықты құрамасын жеңуге мүмкіндіктері болды. Дайындық аясында құрамаға Тимофей Скатов және Бейбіт Жұкаев сынды резервтегі ойыншылар тартылды, олар жақын арада командамызды одан әрі күшейтуге тиіс.
Қазақстандық жасөспірімдер бір жыл ішінде жеке және жұптық разрядтарда ITF Juniors рекордтық 37 турнирін жеңіп алды және тағы 44 турнирдің финалисі болды. 14 жасқа дейінгі TE турнирлерінде біздің теннисшілер 19 рет жеңімпаз атанды және тағы 15 рет финалға шықты. Біздің ойыншылар Бахтияр Ерасыл мен Полина Слепцова 5 турнир жеңіп алып, тағы 8 финалист атанып, ATF (Азия теннис федерациясы) рейтингінде бірінші орынға тұрақтады. Зара Даркен «Еуропа елдерінен тыс жыл ойыншысы» Еуропа теннисі номинациясының жеңімпазы атанды, ал Әмір Омарханов ТЕ 3 турнирін жеңіп қана қоймай, ITF Juniors J5 турнирінің финалына дейін жетті, бұл 14 жастағылар үшін өте жақсы көрсеткіш саналады. Заңғар Нұрланұлы да белсенді дамып келеді және ТЕ 2 турнирін жеңіп, тағы 2 финалда ойнап, ТЕ-де 77-орынға ие болды. Айта кету керек, қол жеткізген нәтижелерде үлкен еңбек жаттықтырушыларға тиесілі.
Таяуда ғана халықаралық теннис федерациясының отырысында Қазақстан дауыс саны жетіге дейін артты. Бұл маңыздылығы бойынша алты деңгейдің үшінші саналады. Дауыс саны көп елдер 12 дауыс (тек 5 ел бар), 9 дауыс (14 ел), содан кейін 7 дауыс (Қазақстанмен бірге — 8 ел) болып бөлінеді. Енді біздің еліміз ITF-те Хорватия, Сербия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Таиланд сияқты мемлекеттермен тең дәрежеде болады. Осылайша, Қазақстан теннисті дамытудың жалпы деңгейі бойынша ресми түрде әлемнің ТОР 20 елінің қатарына енді. Сондай-ақ, ҚТФ вице-президенті Юрий Польский Азия теннис федерациясының (ATF) Директорлар кеңесіне сайланды. Осы фактілердің барлығы қазақстандық теннистің халықаралық аренадағы жоғары құзыреттілігін көрсетеді.
Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов қорытынды есеп беру конференциясын қорытындылады:
«Біздің бірлескен жұмысымыздың арқасында осы жыл жалғасып жатқан пандемиямен және ойыншылардың турнирлерді өткізуі мен сапарларын қиындататын көптеген шектеулерге байланысты туындаған барлық қиындыққа қарамастан, қазақстандық теннис үшін өте табысты болды. Жаттықтырушыларды даярлау жөніндегі жұмыс жаттықтырушылардың іргелі спорттық білім алуына, сондай-ақ жетекші тәлімгерлер ретінде одан әрі кәсіби жұмыс істеуі үшін мықты іргетасты қамтамасыз ету үшін менеджерлік дағдыларды алуға баса назар аудара отырып, жалғастырылатын болады. Биылғы жылы біз барлық өңірлерде спорттық өсу процесін жеделдету мақсатында болашағынан үміт күттіретін ойыншыларға арналған қаржыландыруды ұлғайтуды пысықтадық. Бұл жұмыс, менің ойымша, енді ғана басталды және келесі жылы белсенді түрде жалғасуға тиіс», деді Болат Өтемұратов.
Қазақстан теннис федерациясының президенті өз сөзінде 2022 жылы өңірлерге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті:
»Әрбір өңір алдағы жылы кемінде 8 негізгі ұлттық және 5-6 халықаралық турнирлерге қатысу үшін өзінің жетекші ойыншыларына лайықты қолдау көрсетуге тиіс. Өңірде әр жас санатында кемінде 2 турнир өткізілуі керек. Барлық жерде сапалы »спорттық пирамида» құру үшін 5-7 жас аралығындағы балаларды іріктеу керек. Барлық өңірлерде жұмыс істеп тұрған Теннис орталықтарының инфрақұрылымына қатысты барлық проблемалар: теннис жабынын жөндеу, жарықтандыру және басқа да мәселелер бір жыл ішінде шешілуі қажет. Федерация қажетті қолдау көрсетеді. 2022 жылы Алматы және Түркістан қалаларында жаңа теннис орталықтары ашылатыны қуантады. Тараз, Орал, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңа теннис орталықтарын салу жоспарланып отыр. »Үлкен дулыға» турнирлерінің болашақ чемпиондарын тәрбиелеу және шұғылданушылардың бұқаралығын арттыру мақсаттарына қол жеткізу үшін әр өңірдің одан әрі белсенді жұмысын талап ететін теннисті дамытудың маңызды іргетасы қаланды», деп түйіндеді Болат Өтемұратов.