Джокович және Надаль Нұр-Сұлтан қаласында жаңа теннис орталығын ашты.

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа теннис орталығы ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне әлем теннисінің жұлдыздары серб Новак Джокович және испаниялық Рафаэль Надаль қатысты.

Әлемнің бірінші және екінші ракеткалары Қазақстанның елордасына көрмелік матч өткізу үшін келді, түскен қаражат қайырымдылық үшін беріледі.

Олар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, баспасөз-мәслихатын өткізді және кейін спорттық нысанды ашуға аттанды.

Жаңа теннис орталығы елордада «Жерұйық-2» саябағында орналасқан, сегіз корты бар.

.