Бізге 15 жыл!

15 жыл бұрын дәл осы күні МКҚК «Дәулет» теннис орталығы өз жұмысын бастап, ең алғашқы спортшыларын, үлкен теннисті сүйер қауымды қабылдады. Сондай-ақ қаламыздың балалары мен жасөспірімдердеріне үлкен тенниске жол ашып, болашақ спортшыларға үлкен мүмкіндік жасады.

Теннис орталығының ұжымы құттықтауларыңызды қабыл ала отырып, барша спортшыларымызға, үлкен теннис сүйер қауымға, серіктестерімізге, ұжымымызға және кішкентай спортшыларымыз бен олардың ата-аналарына алғысымызды білдіреміз. Сіздердің осы аралықта бізді қолдап, бізге артқан сенімдеріңіз үшін, Қазақстанның үлкен теннисінің дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін мың алғыс!

15 жыл, көп уақыт болмаса да, бұл біздің тарихымыздағы күш-жігерге, еңбек пен шабытқа толы маңызды кезең.

Біз спорт, достық пен өзара түсіністік бағаланатын кеңістік құра алғанымызды мақтан тұтамыз.

Күн сайын Сіздерді үздік қызметпен, кәсіби жаттықтырушылармен және корттағы ұмытылмас сәттермен қуантуды жалғастыра беретін боламыз!

Алда бізді бірге жаңа жеңістер мен жетістіктер күтіп тұр!