Astana Open WTA 250. Турнирдің қатысушыларымен танысу

25 қыркүйек пен 02 қазан аралығында Қазақстанның астанасы бір апта бойы теннис сұлуларының орталығына айналады. Мәртебелі турнир  – Astana Open WTA 250 көксеген жүлделерін сарапқа салуға әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты теннисшілер келеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Кеше біз ерлер арасындағы турнирге қатысушыларды таныстыруды бастадық. Адамзаттың әдемі жартысының кезегі де келді.

 

Топырақ ханшайымы – Юлия Путинцева

Алты жасында қазақстандық әйел ракетканы алғаш рет қолына алды. Юлия – оң қолды, құмды жабындысы кортта ойнағанды ұнатады. Ол өте жас кезінде 14 жасқа дейінгі Әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін Муратоглу академиясына оқуға түсу үшін Парижге көшті. Он бес жасында ол АҚШ ашық чемпионатының финалына жеке дәрежеде шықты. Екі жылдан кейін Юлия Australian Open чемпионатында осындай нәтижеге қол жеткізді.

 

WTA сериясындағы турнирлердегі жетістіктері:

2021 — Hungarian Grand Prix WTA 250 (топырақ) турнирінің жеңімпазы;
2019 — NURNBERGER Versicherungscup WTA 250 (топырақ) турнирінің жеңімпазы;
2018 — Guangzhou Open WTA 250 (хард) турнирінің финалисі;
2019 — St. Petersburg Ladies Trophy WTA 500 (хард) турнирінің финалисі.

Кристина Младенович — серб қанының француз теннисшісі


Нұр-Сұлтанда өтетін алдағы турнирдің ең титулды қатысушысы Кристина Младенович болатыны сөзсіз. Серб қанының француз теннисшісі Францияда, Сен-Поль-сюр-Мер шағын қаласында дүниеге келген. Кристина спорттық отбасында өсті: әкесі-гандболшы (1984 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан), анасы — кәсіби волейболшы, ал ағасы футболды жақсы көреді.  Ол жұптық дәрежеде бес «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы (Францияның ашық чемпионаты 2016, 2019, 2020, Австралияның ашық чемпионаты 2018, 2020), екі «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы (Уимблдон-2013, Австралияның ашық чемпионаты -2014), сондай-ақ «Жылдың финалдық турнирінде» екі мәрте жеңіске жетті. Жұптық дәрежеде әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы.