Astana Open ATP 250 – Қазақстанда жылдың негізгі турнирі

19-26 қыркүйек аралығында еліміздің басты теннис аренасы – Ұлттық теннис орталығында Astana Open ATP 250 турнирі өтеді.

Қазақстанның елордасында ұлттық құрама командасының барлық мүшелері қатысады – Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов. Сондай-ақ қатысушылардың ішінде халықаралық жұлдыздары – Аслан Карацев (Ресей), Бенуа Пэр (Франция), Джон Миллман (Австралия).