Анна Данилина әлемдік рейтингте рекордтық позицияға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сында өзі үшін үздік 12-ші қатарда қалды. Юлия Путинцева мен Зарина Дияс бір сатыға көтеріліп, сәйкесінше 41 және 117-орындарға жайғасты.

Жұптық рейтингте Қазақстан өкілдерінің үздігі бұрынғысынша Анна Данилина – ол қазір 24-ші орында. Елена Рыбакина мен Жібек Құламбаева да 50-ші және 308-ші қатарға көтеріліп, позицияларын жақсартты.

 

WTA Рейтингі. 7 ақпандағы жағдай бойынша

12 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 2705
41 (+1). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1255
117 (+1). Зарина Дияс (Қазақстан) – 606
341 (-2). Анна Данилина (Қазақстан) – 182
462 (-3). Ярослава Шведова (Қазақстан) – 107
497 (-1). Жибек Куламбаева (Қазақстан) – 95
540. (-12). Гозаль Айнитдинова (Қазақстан) – 83
875 (0). Екатерина Дмитриченко (Қазақстан) – 28