“Анаға тағзым – анаға құрмет” | С любовью к маме
💐 “Анаға тағзым – анаға құрмет” | С любовью к маме 💖
Қазақстанда мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Аналар күніне орай ұйымдастырылған әсерлі челленджге “Дәулет” МКҚК теннис орталығының жас спортшылары қатысты.
Жас спортшылар өздерінің аналарына «Анашым, Сізді жақсы көремін», «Анашым барлығы үшін рахмет!» деген сүйіспеншілік пен алғысқа толы қарапайым, бірақ өте маңызды сөздерін айтты.
Бұл біздің өміріміздегі ең маңызды адам жөнінде еске салар ролик болсын. Мерекелеріңізбен, сүйікті аналар!