Құрметті ата-аналар!
Біздің теннис орталығымызға арналған жаңа өткізу жүйесінің іске қосылатынын қуанышпен хабарлаймыз! 23-қазаннан бастап корттарға кіру «AULA» ? қосымшасы арқылы жүргізілетін болады.
Бұл неліктен маңызды?
? Қауіпсіздік – корттарға тек тіркелген пайдаланушылар ғана кіре алатын болады.
? Қолайлылық – карточкаларды тасу керек емес, смартфон жеткілікті.
?Тәртіпті жоғарлату – қатысудың нақты есебі жаттығулардың режимін сақтауға көмектеседі.
Қосымшаны қалай жүктеуге болады? ? App Store немесе Google Play — да » AULA» қосымшасын жүктеп алыңыз . ?Немесе бір сәтте жүктеу үшін біздің орталығымыздағы ресепшінде QR-кодты сканерлеп алыңыз!
⚠️ Егер сіз оқу-спорт бөліміне барлық қажетті ақпаратты берсеңіз, қосымша дұрыс істейтін болады.
