Men’s World Tennis Tour Nur-Sultan ITF сериясы турнирдің негізгі кестесінде 7 қазақстандық ойнайды.

Жеті қазақстандық – Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Григорий Ломакин, Достанбек Ташбулатов, Тимур Хабибулин, Бекзат Усипбеков және Максим Батютенко –15 мың АҚШ доллар жүлде қорымен Нұр-Сұлтандағы ITF Men’s World Tennis Tour сериясы турнирдің жеке разряд негізгі кестесінде ойнайды – деп, ҚТФ баспасөз қызметі хабарлайды.

Жарыстар 8.02 – 14.02.2021 ж. аралығында «Дәулет» теннис орталығының ашық хард-корттарында өтеді.

ITF сериясы жарыстарының ерлер туры Халықаралық теннис қауымдастығының тікелей қолдауының астында. Турнирлер кәсіби теннис әлемінде бастапқы саты қызметін атқарады және олардың нәтижелері үлкен жүлде қорымен аса маңызды жарыстарға спортшылардың баруы үшін ATP және WTA рейтингтерде ескеріледі.