ҚР Чемпионатының жүлдегерлері сапарларға гранттар алады.

2021 жылғы 7-13 наурыз аралығында  «Дәулет» спорткомбинатында ересектер арасында теннистен Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді. Астананың кортында республиканың барлық өңірлерінен үздік спортшылар бас қосады, – деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Ойыншылар үшін жақсы ынталандыру ретінде Қазақстанның Теннис федерациясынан чемпионаттың жүлдегерлеріне жарыстарға қатысу гранттары беріледі. Бірінші орын үшін – 5000, екінші орынға – 3000 және қола награда иелері үшін – 2000 АҚШ доллары қарастырылған.

Қазақстан Чемпионаты біздің еліміздің аумағында ең беделді турнирлердің бірі болып табылады. Алтын және күміс медаль иелеріне ҚР спорт шебері, ал жартылай финал жеңімпаздарына – спорт шеберіне кандидат атағы беріледі.