Брондау

«Дәулет» СК корт жұмыс кестесін, жарыстарды, іс-шараларды, жөндеу-алдын алу жұмыстарды, кортты жинастыруды өткізу іс-шараларының жоспарын есепке ала отырып, Клиенттің өтінімі (бронь) негізінде ойын уақытын ұсынады. Кортты алдын ала сатып алу тікелей «Дәулет» СК ішінде немесе телефон бойынша жүзеге асырылады (+7 (7172) 24‒83‒75).

Ойын уақыттың күшін жою жаттығу сабағына 12 сағат бұрын өндірілу қажет. Уақытылы күші жойылмаған сабақ болды деп есептеледі және ағымдағы тариф негізінде төлемі алынады.

Корттарды пайдалануға мүмкіндік бермейтін жарыстарды, іс-шараларды өткізу, техникалық ақауларды жою кезде, «Дәулет» СК әкімшілігі сабақ кестесіне өзгертулерді енгізуге құқылы. Бұл жағдайда «Дәулет» СК әкімшілігі телефон бойынша Клиентке күнілгері хабардар етуге міндетті (егер телефоны болса), сонымен қатар корттың бос болмауын есепке ала отырып, өткізіп алған ойын уақытын Клиентке қолайлы уақытта бірдей орнын толтыру мүмкіндігін ұсынады.

«Дәулет» СК жаттығу сабақтары үшін өтемақы (екі жақты келісілген бірдей ойын уақыты) келесі жағдайларда ұсынылады:

– ашық кортта ойнау үшін қолайсыз ауа-райы, жабық теннис алаңын беруге мүмкін болмауы;

– кортта ойын уақытын брондау кезде, ойын алаңның нөмірі тікелей ойын алдында әкімшімен белгіленеді және оларды босату реттілігі мен толық жинастыруды жүргізу қажеттіліне байланысты.

Клиент нақты бір кортты сатып ала алмайды, бірақ корттарды тарату кезде әкімшінің бейімделуі бойынша өзінің тілектерін айта алады.