Канафина Джамиля Боранкұлқызы

1994 жылы 12 сәуірде туған.

Орталығымыздың жас жаттықтырушыларының бірі. Джамиля 2017 жылдан бастап жалпы дене дайындығы бойынша (ЖДД) жаттықтырушы, 2020 жылдан бастан «Қызыл доп» нұсқаушысы. Спорт әлеміне 4 жасында келді, ал 7 жасынан бастап көркем гимнастикамен және 12 жастан кәсіби жеңіл атлетикамен айналысқан.

Спорт саласында өткізген жылдарында жеңіл атлетикадан ҚР СШ спорт шебері атағына ие болды, жеңіл атлетика бойынша бірнеше мәрте ҚР және Орта Азияның чемпионы, жастар және ересектер арасында  кедергімен 100 метр жүгіруден Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жүлдегері, ҚР құрамасының мүшесі. Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің Жоғары дене шынықтыру біліміне ие.

  • Балалар мен жасөспірімдерге арналған ЖДД тақырыптағы семинар.
  • Аяқтардың диагностикасы және терапиясы.
  • Жүру және жүгіруді талдау.
  • Спорттағы допингке қарсы бақылау.
  • Спорттағы психология. Балалар психологиясы, психология кәсіби спортта.
  • Спорттағы физиология. Циклдық спорт түрлерінде аралық тренингтің теориясы мен әдістемесі.
  • Спорттағы нутрициология және диетология.
  • Семинар «play tennis 10’s», семинар «tennis 10’s».

«Жаттығуларымның барысында дене дайындығы қажетті нәтижелерге жету үшін үлкен рөл атқаратынын түсіндім, сондықтан мен бұған үлкен мән бердім,  жаттығу процесіне тереңдей қарап,  дене дайындығын зерттей бастадым.  Бұл мені таңдаған мамандығыма әкелді. Дене дайындығы – кез-келген спорт түрінде базасы және негізі болып табылады, бірде-бір кәсіби атлет онсыз жұмыс істей алмады. Тұрақты жаттығулар арқасында дене шынықтыру дайындығы нәтиже және одан әрі тиімділігін береді.

Мен барлық спортшыларға жақсы физикалық формада ұзағырақ болуын, жоғары жетістіктер тілеймін және ең бастысы өз мақсатын нақты түсінуге».