«Мұнда мен күткеннен әлдеқайда күшті». Итальяндық бапкер Нұр-Сұлтан туралы алған әсерімен бөлісті

Осы күндері Нұр-Сұлтан қаласында 15 мың АҚШ доллары жүлде қорымен  Men’s World Tennis Tour Nursultan ITF сериясы турнирі өтуде. Қазақстанның астанасымен танысудан алған әсерімен итальяндық командасының жаттықтырушысы Габрио Кастричелла ҚТФ баспасөз қызметімен бөлісті.

«Нұр-Сұлтан — өте қызықты қала. Бұрын осында жиі келген біздің ойыншылар мен бапкерлер штабы, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы көп айтатын. Керемет ғимараттарымен әдемі жас қала. Өте мейірбан адамдар. Астанада өте қатты қыс болады деген, мен оны өз көзіммен көрдім (күледі). Сізде шынында да, өте суық. Турнирге біз 9 ойыншы әкелдік. Жас теннисшілерге өздерін бағалауға, олардың істе көруге мүмкіндік бергіміз келеді», – деді Кастричелла.

Үш итальяндықтар ITF Men’s World Tennis Tour Nursultan турнирінің жеке разрядтың екінші айналымына өткенін естеріңізге сала кетейік, олардың арасында: Рикардо Бальзерани, Маттео Донати және Франческо Форти. Қос разрядтың 1/4 финалында ойнайды: Франческо Форти/Франческо Маестрелли және Джиакамо Дамбрози/Энрико Далла Валле.