Ташбулатов/Ломакин және Сагандыкова/Чурсина қос разрядта Қазақстан қысқы біріншілігінің чемпиондары атанды.

ҚТФ баспасөз-қызметінің хабарлауында Қазақстаннның қысқы чемпионатында бірінші жеңімпаздар белгілі болды.

Әйелдер арасында бірінші орынға Аружан Сагандыкова/София Чурсина дуэт ие болды. Финалда драмалық мачте жеңілді Карина Ризванова/Мария Синицына 6:7 (4), 7:6 (7), 10:7. Біріншіліктің қола жүлдегерлері – Сандугаш Кенжибаева және Жанел Рустемова, олар ауыр күресте Арыстанбековалар– Асылжан мен Еркежан апа-сіңлілерге жеңісті қолдан бермеді – 6:4, 6:7 (8), 10:7.
Ерлер арасынды чемпионаттың алтын жүлдегерлері – Достанбек Ташбулатов және Григорий Ломакин. Финалда олар Алексей Кедрюк/Родион Пак тандемін жеңді – 6:3, 6:3. Сөйтіп, Достанбек және Григорий үшін бұл қос разрядтағы екінші чемпиондық: 2019 жылы Ломакин Сагадат Аяппен бірге екеуленіп жеңісті мерекелеген, ал 2020 жылы Ташбулатов Родион Пакпен бірге алтын жүлдегерлері атанды.

Үшінші орынға Арсланбек Айткулов/Данил Фелькер ие болды. Олар Олег Сыроватский мен Никита Сидоровты жеңді – 6:4, 2:6, 10:6.
Ертең Ташбулатов пен Ломакин өз араларында 2021 жылғы елдің чемпионын анықтайды. Әйелдер жеке кестесінде шешуші ойында Аружан Сагандыкова мен 2016 жылы Қазақстан чемпионы Гозаль Айнитдинова жеңіс үшін күреседі.