Скатов/Евсеев және Куламбаева/Айнитдинова ҚР біріншілігінде алтын медальдарын сарапқа салады

Қазақстан чемпионатында ерлер мен әйелдер арасындағы жеке разрядтың финалистері анықталды, – деп ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Әйелдер торында Өскемен тумасы Татьяна Николенко жас та болса, тәжірибелі Гозаль Айнитдиноваға лайықты қарсылық көрсетті. Бірінші сетте Татьяна ойынды өз пайдасына аяқтауы мүмкін еді, алайда шешуші сәттерде қарсыласы есесін қайтарды. Ол тай-брейкке келді, онда Николенконың екі болмашы қателігі сеттен айырылып қалуға әкелді. Екінші ойында теннисшілер әр ұпай үшін күресті, тек бір ғана іске асырылған брейк-пойнт Айнитдиноваға матчта жеңіске жетуге мүмкіндік берді – 7:6, 6:4. Ертеңгі шешуші ойында Гозаль Софья Чурсиндан 6:4, 6:3 мықты болған Жібек Куламбаевамен күреседі.

Жұптық финалда Куламбаева мен Айнитдинова Екатерина Дмитриченко мен Софья Чурсинаны 6:1, 6:3. есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Қола медальді Марина Синицына мен Карина Ризванова жеңіп алды.

Ерлер арасында мини-сенсацияны Денис Евсеев жасады, ол бірінші сериялық чмпионатта Дмитрии Попконы – 6:3, 6:2 есебімен оңай жеңіп алды. Попко жеңілгеніне қарамастан рейтингі бойынша Astana Open ATP 250 турниріне жолдама алды.  Григорий Ломакин Тимофей Скатовақа қарсы ойында тағы бір сенсация жасай жаздады. Теміртау тумасы  бірінші ойында жеңіске жеткенімен, келесі екеуінде жеңіліп қалды  – 2:6, 4:6.

Жұптық финалда Скатов пен Попко Тимур Хабибулин мен Бейбіт Жукаевты – 6:2, 6:3 есебімен жеңді, қола Григорий Ломакинге/Денис Евсеевке бұйырды.

Қазақстан Республикасы чемпионатының Бас демеушісі – «Kazzinc»
Ресми серіктестер – «Samruk Kazyna», «Aqua Rossa», «АСПМК-519»