ITF Men’s World Tennis Tour Nur-Sultan сериясы турнирлердің жеңімпаздары анықталды.

Нұр-Сұлтан қаласында 15 мың АҚШ доллар жүлде қорымен ITF Men’s World Tennis Tour Nur-Sultan сериясы турнирлері аяқталды, деп – ҚТФ баспасөз-қызметі хабарлайды.

Жарыстың триумфаторы Финляндиядан 19 жастағы Отто Виртанен болды, ол финалда неміс Матса Розенкранцты 7:5, 6:3. есебімен жеңді.

Виртанен жартылай финалдағы осы жеңіске дейін поляк Михаль Дембектің қарсылығын үш сетте жеңді– 3:6, 6:3, 6:4. Ширек финалда итальяндық Маттео Донати ұтты, ал матчтін екінші айналымында Отто Патрик Никлас-Салминен командасы бойынша серіктестен күшті болды. Турнирдің бастапқы ойында ол британдық спортшы Оскар Уайтманды жеңіп шықты.

«Турнирде жеңіске жеткеннім үшін ризамын. Мені нәтижелерім қатты қуантады, бүкіл матч күреспен өтті. Бұл Men’s World Tennis Tour ITF сериясы турнирлерде менің екінші жеңісім. Нұр-Сұлтан қаласында өтетін келесі турнирде де ұтып алуға тырысамын. Бапкеріме алғыс айтқым келеді, оның қолдауы маңызды сәттерде топталуға көмектесті», – деп ақтық ойындар кейін Отто Виртанен атап өтті.

2018 жылы фин теннисші Orange Bowl жасөспірімдер жарысының жеңімпазы атанғанын естеріңізге сала кетейік. Сол жылы түрік Янки Эрел дуэтте юниорлық жұптық разрядта Уимблдонның чемпионы атанды.

Қос разрядтағы жеңісті  Беларусия Ярослав Шила және Иван Лютаревич дуэті мерекелеген болатын. Турнирдің финалында италиялық Франческо Форти және Франческо Маестреллиді 7:6, 7:6есебімен белорустар қайта лйнады. Ярослава үшін Қазақстан жолы болғыш ел болды. Дәл осы жерде жұптық разрядта ITF сериясы Men’s World Tennis турнирде ол 14 титул атағына ие болды.