Чвалун Александр Юрьевич

1971 жылы 11 желтоқсанда туған.

8 жасында Шымкент қаласындағы теннис секциясына қатысты. Бірінші жаттықтырушысы бүкіл Қазақстан бойынша белгілі – Рашит Хасанов. Тенниспен айналысу жылдарында кеңес жарыстарының  көптеген жүлделі орындарына ие болды. 2000 жылдан бастап қоғамдық негізде жаттықтырушы болып жұмыс істеді, ал 2009 жылдан бастап балалар жаттықтырушысы болды және ҚР чемпиондарын және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған көптеген спортшыларды тәрбиелеген.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.  Сонымен қатар, медициналық біліміне ие, бұл өз кезегінде баланың физиологиясы және моторикасын түсіне отырып, балалармен жұмыс істеуге көмектеседі. Курстарға қатысып, ITF Level I сертификатын алды, Қазақстан Теннис Федерациясының (ҚТФ) I санатты жаттықтырушы, II санатты жаттықтырушы.